Білім • 10 Ақпан, 2023

Министр оқушы білімін бағалаудың ең тиімді әдісін атады

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында Қазақстандағы ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ҰБТ форматы жыл сайын жетіліп келеді. Дегенмен, ең тиімдісі – SIT (System integrated test) жүйесіне көшу. Қазақстан бұл жүйеге шамамен үш жылдан соң көшуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр оқушы білімін бағалаудың ең тиімді әдісін атады

«Қазір ҰБТ «сұрыптау» сияқты жұмыс істейді. Десе де ол талапкердің білімін жақсы не нашар деп қана бағалайды. Сондықтан біз үшін ең дұрысы – SIT жүйесіне өту. Ал SIT сертификаттарын мақұлдау тіпті де тиімді шешім болар еді», деп түсіндірді министр. 

Оның айтуынша, егер Қазақстан SIT жүйесін қолдануға көшсе, талапкер міндетті ҰБТ тапсырмайды. Оның орнына түлек авторизацияланған SIT орталықтарында емтихан тапсырып, қажетті балл жинауы керек. 

«Шетелде солай. Біз де осы модельге көшеміз. Әр бала өз алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылуы керек», деді Ғылым және жоғары білім министрі. 

Қазір Қазақстанда ҰБТ жүйесін  SIT стандарттарына жақындату жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін биылдан бастап «бес сұрақ – бір дұрыс жауап» форматындағы сұрақтардан бөлек, талапкердің аналитикалық ойлау қабілетін танытуына негізделген сауалдар да енгізіледі. 

«Расын айтқанда, әзірге бұдан артық жүйе ойлап таппағандықтан, ұлттық бірыңғай тестілеу өткіземіз. Өйткені Қазақстандағы білім беру жүйесі орталықтандырылған. Ал дамыған елдерде әр университет оқуға қабылдау талаптарын, уақытын өзі белгілеп, сол арқылы студенттерді жинай алады. Сондықтан екі маңызды бастаманы қолға алып отырмыз. ҰБТ форматын халықаралық SIT стандарттарына жақындату үшін Кембридж университетімен жұмыс істедік. Талапкер өз білімін көрсете алуы үшін сынақтағы мәтінді жаттап алуына емес, оны түсінуге, жауаптарға дедукция жасауына көңіл бөлеміз. Биыл бұл форматты пилоттық сынақтан өткіземіз деп ойлаймын», деді Саясат Нұрбек. 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025