Кездесуге Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, қалалық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Асима Бимендина, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мектеп директорлары мен педагогтері, психологтар, ата-аналар қатысты.
Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі – мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасы. Ол мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасына байланысты.
«Отбасындағы тәрбие баланың өмір салтына әсер етеді. Жанұядағы күнделікті қарым-қатынас бала тәрбиесінде өз ізін қалдырады. Отбасылық проблемалар – бұл қаламыз бен елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып отыр. Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты зерттеу қашанда маңызды. Қазір көптеген ата-ана басқарманың немесе министрліктің мәліметтеріне қарағанда интернеттегі дереккөздерге, жаттықтырушыларға, Telegram арналарына көбірек сенеді. Мектеп психологтарының уақыты бәріне бірдей жетпейтінін атап өткім келеді. Себебі олар оқушылармен ғана емес, ата-аналармен де, мұғалімдермен де жұмыс істейді. Мектепте психолог мамандарының санын арттыру мәселесін қайта қарау маңызды. Өйткені олардың жұмысы бұрынғыдан да маңызды», деді басқарма басшысы.
Өз кезегінде Асима Бимендина ата-аналарға бала тәрбиесі бірінші орында тұруы керек екенін атап өтті.
«Бүгінгі іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. 2022 жылдың желтоқсанында елорданың 40 мектебінде ата-аналар арасында сауалнама жүргіздік. Онда 3 сұрақ қойдық: бала тәрбиесіндегі қиындықтар және оларды қалай жеңуге болады, сондай-ақ қандай көмек көрсете аламыз. 21 мың тұрғын осы үш сауалға жауап берді. Егер ата-ана бұл мәселеде сауатты болса, онда тәрбиелі және дені сау бала көп болады», деп атап өтті елорданың Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Отырыс барысында психологтар, отбасылық тәрбие орталығының, қоғамдық қорлардың өкілдері сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың айтуынша, отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы педагогтер мен ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне, сабақтан тыс бос уақытын пайдалы өткізуге, балалар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған. Кез-келген жұмыс сараптаудан басталады. Бұл оқушылардың білім деңгейін анықтауға, ата-аналармен өзара байланыс орнатуға көмектеседі.