05 Маусым, 2010

БІЛІМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІНЕ

497 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматыда еліміздің білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылаған кеңес болып өтті. Жиында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бұл жобаның республиканың білім беру жүйесінде осыншалықты ұзақ мерзімге арналған бірінші страте­гия­лық құжат екендігін атап көр­сетті. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы білім берудің бүкіл жүйесін жетілдіре жаңаландыруды көздейді. Ол жаңашылдық үдерістері қаржы­лан­­дыру саласын да, сондай-ақ мұ­ғалімнің мәртебесін көтеруге, басқаруға, ақпараттандыруға, білім мазмұнына байланысты толып жатқан басқа мәселелерді де қамтиды. Айталық, білім беруді қаржы­лан­дырудың жаңа тетіктерін әзір­леу педагог біліктілігін көтеру ісіне ваучерлік қаржыландыруды енгізуді қарастырады. Бағдарлама қабылданғаннан кейін мұғалімдер өзінің кәсіби деңгейін жетілдіретін оқу немесе ғылым мекемесін өздері таңдайды. Мұғалім мамандығының мәр­те­бесін көтеру жайына келсек, Ж.Түй­мебаев бұл орайда педагог­тар­дың орташа жалақысын еліміз­дегі орта жалақы деңгейіне жеткізу жоспарланып отырған­ды­ғын мә­лім етті. Сондай-ақ оқы­ту ке­зінде ағылшын тілін пай­далана­тын пән мұғалім­де­рінің санын кө­бейту көзделуде. 2015 жылға дей­ін олар­ды мұға­лімдердің жал­пы санының 15 пайызына, 2020 жыл­ға қарай 30 пайызына дейін жет­кізу жоспар­ланып отыр. Министр Қазақстан Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­тысуымен өткен кешегі Шетел ин­весторлары кеңесінің отыры­сын­да соңғы 15 жылда қазақ­стан­­дық рынокта әлемнің ең белгілі компаниялары белсенді жұ­мыс істеп жатқандығы айтыл­ғандығын еске салды. Бірақ олар дәл бүгінгі күнге дейін кадр мә­селесінде үлкен қиыншылық­тарды бастан кешіруде. Өкінішке орай, біздің жоғары оқу ор­ын­дарымыздың, кәсіптік лицейлер мен колледж­де­ріміздің көпшілігі оларды халық­аралық стандарт­тарға жауап бере алатын дең­гей­дегі мамандармен қамтамасыз етер­лік жағдайда емес. Бұл жай­ларды Ж.Түймебаев қынжыла тіл­ге тиек етті. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасының жобасы кеңесте келелі талқыға түскеннен кейін Білім және ғылым министрі жиынға қатысқан барлық жоо-лардың, облыстық және аудандық оқу бөлімдерінің басшыларын, атақты ғалымдар мен жаңашыл ұстаздарды осынау құжатты өз ұжымдарында талқылап, оны жақсарту үшін нақты ұсыныстар беруге шақырды. Министрдің сө­зіне жүгінсек, білім беру саласын дамыту жалпы қоғамды дамыту деген сөз. Сондықтан, талқылау не­ғұрлым салиқалы болса, жаңа бағдарлама қоғамның арман-үмітіне соғұрлым сай келіп, жас ұрпақты білімнің жаңа белесіне жетелемек. Қорғанбек АМАНЖОЛ.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025