Редакция таңдауы
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметіне Құрманғазы Есқазиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2022
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
11 Сәуір, 2022
Қазақстанда зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленді
Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 180 теңге болады. Мұндай түзету «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2022
Елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткері, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығы қарсаңында Алматы музейінде «Абызға айналған Асанәлі» атты көрменің ашылуы өтті.
11 Сәуір, 2022
Несін айтасыз, алаш баласы үшін зор қуаныш – алаш ардақтылары Абай мен Қонаев рухы қайта жаңғырып, ақ түйенің қарны жарылды! Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қасиетті Ұлытау атауы асқақтап, бірнеше облыс ашылды! Қазақ жұртының өңі шырайланып қалды. Айбарланып қалдық! Президентіміз ел көкейіндегілерді дөп басқаны қандай ғанибет десеңізші.
11 Сәуір, 2022
Түбегейлі реформа жүргізуге ниетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы маңызды тарихи құжат екені анық. Шын мәнінде, Қазақстан Президенті республиканың саяси өмірін қайта құру үшін бүкіл мемлекеттік жүйеге түбегейлі реформалар жүргізуге ниетті.
11 Сәуір, 2022
«Қоянды жәрмеңкесі» құрудың аз-ақ алдында тұр
Өз дәуірінде-ақ атағы алысқа кеткен әйгілі Қоянды жәрмеңкесінің жылдар алға жылжыған сайын кезіндегі даңқты дақпырты сейілгенімен, уақыт ағзам алақанында бедерленген тағылымы һәм тарих алдындағы құндылығы титтей де құлдыраған жоқ. Қасиетті Қарқаралы топырағына табаны тигеннің дені уақыт тауып Қояндыға соға кеткісі келіп тұрады. Туған жерге талай жол түсіп жүрсе де, қазақ даласындағы алғашқы сауда-саттық орны ғана емес, өнердің үлкен ордасы болған ел төріндегі тарихи мекенге табан тигізудің, тағылымын танудың сәті енді бұйырыпты.
10 Сәуір, 2022
«Егемен Қазақстан» газеті «Зиялы: парасат пен парыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Редакция ғимаратының мәжіліс залында өткен келелі жиынға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Төлен Әбдік, ардакүрең ақын Ғалым Жайлыбай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Мақпал Мыса, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «AMANAT» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Максим Рожин, Ассамблея мүшесі Аскер Пириев, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай және елдордалық жас ақындар қатысты.Дөңгелек үстелді «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.Сонымен қатар алқалы жиын аясында «Буырқанған бұла жыр» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Жинаққа соңғы жылдары «Егеменде» қызмет еткен және қызмет етіп жүрген жас ақындардың жырлары топтастырылған.
10 Сәуір, 2022
Халықты қарусыздандыру қылмысты азайта ма?
Қаңтар оқиғасынан кейін өткен Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына қарата айтқан сөзінде қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, бұл мәселені заң тұрғысынан реттеу қажеттігін тапсырған болатын. Себебі қаңтардағы қырғын ел ішіндегі қару айналымы, халықты қарусыздандыру мәселелерінің өткір екенін айғақтап берді.
10 Сәуір, 2022
Басым міндет – газдың ресурстық базасын ұлғайту
«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының жуырда тағайындалған төрағасы Санжар Жаркешов компаниялар тобының өндірістік объектілері орналасқан өңірлерге жұмыс сапарларын бастады. Негізгі мақсат – еліміздің газ тасымалдау жүйесі мен магистралдық газ құбырларының жағдайымен танысу.
10 Сәуір, 2022
ХХІ ғасыр – жаңалығы желдей ескен, адамзаттың санасы ғарыш кеңістігімен таласқан кезең. Әлем сағат санап өзгеруде. Біз, өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық ғаламда өмір сүрудеміз. Адамзат өз дамуының жаңа дәуіріне – цифрлы кезеңге аяқ басты. Үстіміздегі заманауи постиндустриалдық кезеңнің ерекшелігі – дамыған нарықтық экономика, ашық демократиялық қоғам, цифрлы сервистердің, жасанды интеллект технологияларының, «цифрлы сыңарлардың» және смарт-жүйелердің кең қолданысқа енуі.
10 Сәуір, 2022
Францияның келесі президенті кім болады?
Жексенбі күні Францияда президент сайлауы өтті. Бірінші турдың қорытындысы толық шықпағандықтан, үш жолақты елдегі саяси бәсекеде кімнің аты озатынын шолып көрмекпіз. Десе де, қазіргі президент Эммануэль Макронның шоқтығы басқалардан биік тұр.
10 Сәуір, 2022
Биыл қазақтың бұлбұл әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы өткен жылдың басында ғасырлық той қазақтың ғажап әншісінің есімін ел есінде мәңгі қалдыруға арналуы керектігін тапсырған болатын.
10 Сәуір, 2022
Еуразия халықтарына ортақ тұлға
Онда Ресей Аймақтық мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев атап көрсеткендей, үлкен идея көтеріліп, тұтас қоғам қалыптастыруда орасан еңбек сіңірген М.Шоқай тек қазақ халқы және тұтас Түркістан ғана емес, Еуразия кеңістігіне ортақ тұлға деп танылды.
10 Сәуір, 2022
Тұтынушы құқығы қалай қорғалады?
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымызда әлі де өзекті мәселе. Халықты алдау, сапасыз тауарды өткізіп жіберу немесе сатып алынған заттың кепілдік мерзімі аяқталмай бұзылып қалуы, ал оның ақшасын қайтармай тұтынушыны әуре-сарсаңға салу – Кеңес дәуірінен бері қалмай келе жатқан бір кесіріміз.
10 Сәуір, 2022
Цифрлы білім беру деңгейін арттыру қажет
Шынайы ақпаратты медиа кеңістікте пайдалану мен білім беру үрдісінде қолданудың заманауи мүмкіндіктері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен V халықаралық журналистика форумы аясында талқыланды.
10 Сәуір, 2022
Президенттің Қытай елшілігінде жұмыс істеп жүрген кезіндегі суреті жарияланды
БОРТ №1 Telegram каналы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайда елшілікте жұмыс істеп жүрген кезіндегі суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2022
Азық-түлік бағасын ұстап тұру ең маңызды мәселе - Әлихан Смайылов
Сенбі күні, 9 сәуірде, Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ АЭА жұмысының тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2022
Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған төлқұжат жасатқан
6 сәуірде Алматы әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Сәуір, 2022
Енді студенттерге сынақ кітапшасы қажет болмайды
Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарынан талап етілетін бірқатар құжаттың қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2022