Пікірлер
Кейде тіршіліктің күйбеңінен қажып жүрген күндерде мені бір біріне ұқсайтын бірнеше оқиға ұдайы ойлантушы еді. Өйткені қазір қоғамда қара жұмыс істемей-ақ шаршап, діңкелеп жүрген адамдар өте көп. Ойдан уайым-қайғыға, күйзеліске түскендерді жиі ұшырататын болдық. Мұндайда соның барлығы не үшін деген сауалдың туары анық қой?!
30 Қыркүйек, 2020
«Додо пицца» неге заңымызды сыйламайды?
Газетіміздің бұған дейінгі нөмірінің бірінде «Qazaqsha jaz» қозғалысы туралы хабарлаған едік. Бұл жобаға қатысушылар күн сайын мемлекеттік тілде мәлімет таратпайтын түрлі компаниялардың әлеуметтік парақшаларына кіріп, қазақша ақпарат беруін сұрап өтініш қалдырады.
29 Қыркүйек, 2020
«Ер – елдің ық жағының қаласы, жел жағының панасы», «Еменнің иілгені – сынғаны, ердің екі сөйлегені – өлгені», «Елі күйінгенде күйінген батыр, елі сүйінгенде сүйінген батыр, ерегесте бір өзі мыңға татыр», «Ердің сыншысы – елі» деп ер баланы ерлікке баулуда ұлттық дәстүр мен танымның берері мол болған.
28 Қыркүйек, 2020
Достықтың дәргейінде кім бар, кім жоқ?!.
Жұмыстың жоғарғы жағында Жазушылар аллеясы бар. Аллея Абай көшесінің бойында жатыр. Ілияс, Сәкен, Бейімбеттің мүсіні тұр. Төңіректегі халық үшін демалуға, кросспен шұғылдануға таптырмас мекен. Біз де бір мезгіл барып тұрамыз. Ойлануға, ой қорытуға ыңғайлы. Әдеттегі кешкі серуенде велосипед тепкен бір балақаймен қақтығысып қала жаздадым. «Байқап жүр» деп әрі қарай кете бердім. Бір кезде әлгі балақайдың сол бір сәтте айтқан сөзі ойыма орала кетті. Құдайым-ау, не деп еді?! Есіме түсті: «Брат, былай тұр».
25 Қыркүйек, 2020
Елімен етене жақын араласып, кем-кетігін түгендеп, халқының батасын алған биліктің көсегесі көгеретіні, соның арқасында мемлекеттің де дәулеті артып, басқалармен бәсеке барысында оқ бойы озық болатыны бесенеден белгілі. Билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату әзірге Қазақ билігінің алдына қойған мұрат-мақсаты ғана...
24 Қыркүйек, 2020
Әлемді әбігерге салған індеттің қарқынын әзірге әлеуметтік арақашықтық сақтап қана әлсірете аламыз. Шарасыздан жасалып жатқан бұл қадамның кері әсері – оқшауланған жұрттың қарым-қатынасын онлайн байланыс қамтамасыз етіп, интернетке тәуелділік шамадан тыс асып кетті. Сондықтан гаджеттен қашықтық ұстаудың да маңызы арта түсті.
23 Қыркүйек, 2020
Қилы-қилы тағдырлар болатыны сияқты адам мінезі де сан алуан. Ол – жеке тұлғаның болмысынан, сөзінен, күнделікті қарым-қатынасынан көрініс табатын ерекше мәнге ие құбылыс. Ісіне ұқыптылық, сыпайылық, сезімталдық, қайырымдылық, мейірімділік, адалдық, сабырлық, жайдарылық, кешірімшілдік, қарапайымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарытып, жан-жағына шұғыла-нұрын себелеп жүретін ішкі мәдениетке бай жанды қазақ ежелден көркем мінезді адам деп айрықша бағалаған.
22 Қыркүйек, 2020
Еуропалық атаулардан көз сүрінеді...
Заманауи іргетасы мыңжылдықтар тоғысында қаланып, санаулы жылдар ішінде-ақ ғаламат сұлу шаһарға, нағыз урбанистік жауһарға айналған елордамыз халқымыздың болмысын әйгілеп тұр. Ұлы даланың қақ төрінен орын тепкен еңселі шаһар бүгінде айшықты астанаға айналды.
21 Қыркүйек, 2020
«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап, Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап» деп жырлаған еді қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов.
18 Қыркүйек, 2020
Уақыттар мен халықтар кеңістігіндегі әрбір ұлт пен ұлыстың тарихы секілді қазақтың да тұтас тарихы – диалогтар тарихы. Заман мен заман, дала мен адам, баба пен ұрпақ, хан мен қара, халық пен билік диалогы. Біздің тарихты бір жақты монолог ретінде қарауға болмайды, ол бірдің ғана сөзі емес, бірдің зары емес, бірдің шері емес, әрқашан бірі бірінен сөз сұраған, сөзге кезек сұраған, сөзге тоқтаған, дат айтқан, діл айта алмағанды тіл айтқан, тіл айта алмағанды қобыз бен домбыра айтқан, әйтеуір біртұтас сұхбатты, сырласуды, шерлесуді, ақылдасуды, кеңесуді ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылық ретінде қалыптастыра алған тарих.
17 Қыркүйек, 2020
Бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің пәленше деген ғалымы әлемдік сыйлық алыпты, түгенше деген жазушысы шетелдік медаль иеленіпті деген ақпараттар жиі жарияланады. Әрине, отандастарымыздың еңбегі шартараптың бұрыш-бұрышында мойындалып жатса, қуанамыз ғой. Бірақ осындай марапаттардың көбеюі түрлі ойға жетелейді.
16 Қыркүйек, 2020
«Адам деген бір жалаңаш нәрсе. Мінез, ақыл, сөз оның киімі есепті. Осылар көркем болса, жұрт көзіне көрікті, сүйкімді көрінеді» деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Данышпан Лев Толстой «ақылыңа азықты көп беруге тырыс» десе, Федор Достоевский «адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой» депті.
15 Қыркүйек, 2020
Бәлкім, Эдгар Поның кейіпкері («Человек толпы») секілді ағылып өтіп жатқан адамдар нөпіріне құлықсыз я қызығушылықпен көз салып отыратын күй әрбір адамда болатын шығар. Болады ғой, адам болған соң. Қоғам көшесіндегі қым-қуыт қарбалас қай сәтте де назар аудартады. Кімді көресіз? Нені аңғарасыз?
14 Қыркүйек, 2020
Адам капиталынан ақша аяуға болмайды
Ең алғаш өткен ғасырдың орта шенінде америкалық экономистер «Адам капиталы» деген ұғымға теориялық тұрғыдан анықтама беріп, мән-маңызын, дамытудың жолдарын көрсеткен екен. Содан бергі аралықта адам капиталы кез келген мемлекеттің, қоғамның, экономиканың негізгі мызғымас тұғыры екені дәлелденді.
11 Қыркүйек, 2020
Балалары мен немере-шөберелерінің қуанышы мен қызығына марқайып, өмірдің алтын арқауы – ата-баба дәстүрін үзіп алмай, ұлы көшті ұрпақ жарастығымен жалғастыру, ешнәрсеге мұқтаж болмау, айналасындағы үлкен-кішінің құрметіне бөленіп, абырой биігінен табылу – үлкен ғанибет!
10 Қыркүйек, 2020
Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында сөз еркіндігі туралы әңгіме қозғалып жатады. Әсіресе Батыста бұл мәселе жиі көтеріледі. Бір жағынан дұрыс. Демократиясы дамыған әлемде цензура болмауы керек. Бірақ таяқтың екі ұшы секілді, сөз еркіндігінің шектелетін тұсы бар.
09 Қыркүйек, 2020
Қайсы бір этностың өзіне тән, сан ғасырлардан бері үзілмей келе жатқан құндылығы болады. Осы құндылық қауымды ыдыратпай тұтастандырып тұрады. Яғни ол құндылық – сыртқы әсерлердің кері әрекетінен сақтайды. Неміс оқымыстысы В.Гумбольд айтқандай, ұлттың жойылып кетуден сақтап тұратын данышпан рухани ұстыны болады. Сол ұстынды ұрпақтан ұрпаққа бұзбай жалғастыра алған жұрт қана бүгінгідей жаһандану дәуірінде басқа мәдениеттің жетегіне жұтылып кетпей, өз бетімен өмір сүре алады.
08 Қыркүйек, 2020
«Тик-токқа» тоқтам салу керек пе?
Жуырда интернеттегі «Тик-ток» желісінде биыл 175 жылдығы аталып өтіп жатқан Абай Құнанбайұлының суретіне жан бітірген бейнетаспасы таралып, әп-сәтте мыңдаған көрілімге ие болды.
07 Қыркүйек, 2020
Ұлттық дәстүрмен қош айтысамыз ба?
Ел Президенті биылғы Жолдауы арқылы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға өзінің алаңдаушылығын білдірді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысының баса назар аударуы, шын мәнінде, аталған салада шешімін күткен түйткілдер баршылық екенін аңғартты.
04 Қыркүйек, 2020
Қазақтың жаны қайда демеңіз, қазақтың жаны – қара өлеңде. Әулие қара өлең, осынау байтақ жұрттың ары да, жаны да, зары да, бары да сенде емес пе?!. Басынан өткерген алағай да бұлағай тағдыры, жүрек кешірген жадағай дәуірлері, жаралы жылдар да, ақжайнақ заман да, жонарақасымен сезген жойқын дерті мен серті де сенде екен ғой, қасиетті қара өлең! Қастерлі жанын қара қылышқа сақтайтын баяғының батырлары секілді, халық та өз жанын сөзде, сөзді өлең кейпінде сақтайды екен.
03 Қыркүйек, 2020