Пікірлер
Басқа жақты білмейміз, Алматыда адам сенбейтін жағдай. Театрға билет табу қиын, спектакльдің бәрі аншлагпен жүреді, зал аузы-мұрнынан шығып отырады. Спектакль болатын күні көрерменнің кассаға келе салып, билетті ала салып, орын тауып отыра салуы арманға айналған. Кейбір спектакльге ай бұрын қамданбасаң, касса біткен жылан жалағандай, билеттер әп-сәтте сатылып кетеді. Бұған ара-тұра шетелден гастрольге келетін әлемдік деңгейдегі театрлардың әйгілі қойылымдарына көрерменнің 50-60 мың теңгеге билет таппай Абай атындағы Опера және балет театрының алдында сеңдей соғылысып жүретінін қосыңыз.
17 Мамыр, 2023
Тәуелсіздік алып, ғасырлар тоғысында елдігіміз айқындалған кезеңдегі еркін күрестен өткен байрақты бәсекелерде Қазақ елі намысын жалғыз ғана қандасымыз қорғады. Ол – Мәулен Мамыров. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Алаштың алтын асықтай ұлы Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, құрлық чемпионы және сол секілді толып жатқан тағы басқа атақтары бар. Сол Мәулен бір сұхбатында «Мен кей кездері өзімді Ресей құрамасы сапында жүргендей сезінемін» деп ашына айтқан еді.
16 Мамыр, 2023
Қазір ауылда жастар қалмай барады дегенді жиі естиміз. Бірақ оған жастарды кінәлау қиын. Жалпы, бұл өте күрделі мәселе. Оның түрлі себебі бар. Алдымен соған үңіліп көрейік.
15 Мамыр, 2023
Мақтағанды кім жек көрсін, бірақ шектен шыққан қошеметшілдіктің ақыры қайда апарып соғатынын пендесі бар болғыр бағамдай бермейді-ау. Қолпаштаудың арқасында көтерілген «биігінен» түсе алмай қалады. Келесі жолы да «асқаралы белестен» төмендегісі келмей, мақтан мінездемені іштей тілеп тұрады.
11 Мамыр, 2023
Мемлекеттік деңгейдегі парадокс
Таяуда Қызылжар өңіріндегі бір аудандық мәслихат өзінің интернет-сайтында жергілікті депутатқа ағасының «кенеттен жоғалғанына» байланысты көңіл айту жариялады. «Бұл не қылған «жоғалу?» деп таңғалып, көңіл айтудың орыс тіліндегі мәтініне көз жүгіртсек, онда «с внезапной утратой» деп жазылған екен. Осы өрескел қателік әлеуметтік желіде өткір сыналған соң ғана түзетілді.
10 Мамыр, 2023
Жаһандық індет бүкіл әлемді уысында ұстаған кезеңде үйінде жатып-ақ жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың түрлері көп болғанын білеміз. Интернет арқылы жүзеге асатын қылмыстық эпизодтардың белең алғаны соншалықты, құқық қорғау органдары оның «үздік ондыққа» кіретін түрлерін жариялауға мәжбүр болғаны да есте.
08 Мамыр, 2023
Еуропа жұртында ақылға сыйымсыз, бірақ сонысымен көз тартып, көңіл баурайтын ескерткіштер көп деседі. Біз ескерткішті көбіне адамға арнап тұрғызамыз. Батыр болса тұлпар мініп, найза ұстайды. Ақын болса шапаны желбіреп, басына тақиясы қона қалады. Қолына таяғын ұстап, жүзінде шабыт толқыған Нұрғисаны, Балашақпақ топырағын басып келе жатқан Абайды, кітап парақтап тұрған Қадырды бейнелесек болушы еді. Жоқ, бізде ондай фантазияға орын жоқ!
06 Мамыр, 2023
Соңғы деректерге қарағанда, қазір елімізде көзі тірі 237 соғыс ардагері бар екен. Бұған қоса Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 97 758 аға буын өкілі тұрып жатыр. Ал қан майданға Қазақстаннан 1 млн 200 мыңға жуық адам аттанған. 630 мың адам тұтқынға түсіп, көз жұмған, 500-ге жуық майдангер Кеңес Одағының батыры атаса, 4 жерлесіміз өңіріне екі мәрте «Алтын Жұлдыз» тақты...
04 Мамыр, 2023
Қазіргі заманның басты капиталы – адам. Табыс әкеле алатын нәрсенің бәрі капитал болып саналатынын ескерсек, адамнан құнды капитал жоқ. Сондықтан адам құны жете бағаланған, әрбір азаматтың қадірін білген заманда қоғамдық құндылықтардың негізі бекіп, ілгерілеушілік байқалады.
04 Мамыр, 2023
Ата-ананың перзент алдындағы жауапкершілігін ауқымды міндет, парыз деп түсінгеніміз жөн. Алайда осынау парыз-міндеттің түпкі мәніне жіті көңіл аударыла бермейтіндіктен көптеген ата-ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі әлсіреп кеткені жиі айтылып жүр.
03 Мамыр, 2023
Бүгінде ғаламдық мәселеге айналып отырған су тапшылығының басты себептеріне климаттың өзгеруін, трансшекаралық ағын су көлемінің азаюын, су ресурстарының тиімсіз пайдаланылу мен суды үнемдеу «мәдениетінің» қалыптаспағандығын жатқызуға болады. Ол, өкінішке қарай, елімізді де қамтып отыр. Соның кесірінен ауылшаруашылық дақылдарын өндіруге қажетті судың жетіспеуі егістік көлемінің жыл санап қысқаруына әкеліп соғуда.
02 Мамыр, 2023
Қарадан-қарап қалтамызға қара бақыр да құтаймады деп налитынымыз бар. Неліктен? Өйткені қай мағынасында қабылдамасаңыз да, біздің қалтамыз – «тесік». Ал тесік қалтаға теңге тұра ма?
30 Сәуір, 2023
Кейінгі кезде қоғамда әсіре қамқорлық белең алып бара жатқандай. Әрине, жан-жануарды қорлауға болмайтынына бәріміз келісеміз. Бірақ кей жағдайда олардың құқығы адам құқығынан биік тұрып жататын кезі бар.
27 Сәуір, 2023
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш жылда елдегі халық саны артып, ол қазақ халқының есебінен көбейіп отыр. Алайда санымыз өскенімен, қазақтілді ортаның әлі де болса кеңейетін түрі көрінбейді.
26 Сәуір, 2023
Біздің қоғамның ішкі иірімдеріне зер сала қарасаң не жыларыңды, не күлеріңді білмей қалатын ахуал-жағдаяттар жиі кездеседі. Оның бәрін санамалап тауысу мүмкін еместей. Сол жағдайлардың дейміз бе, әлде мәселелердің дейміз бе, қайсысын алып қарасаңыз да туындау себебінің сан түрін анық көресіз.
26 Сәуір, 2023
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі
Біреуге еліктеп, пір тұтпаса жүре алмайтын жасөспірім шақтың әлегінде әйгілі Лев Толстой әлдебір кітапты оқып алып әсерленгені сонша, түріне сән беріп тұрған қияқтай қасын шығармадағы бас кейіпкер секілді шырпы жағып, өртеп жіберіпті.
25 Сәуір, 2023
Қазақстанда спортқа деген қамқорлық ерекше. Әр жыл сайын осы саланы дамытуға мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінеді. Ірі қалалардан бастап, аудан орталықтарына дейін спорт кешендерінің салынуы, республикамыздың әр аймағында дүбірлі додалардың жиі ұйымдастырылуы, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың мол көлемде сыйақы алуы осы сөзіміздің айқын дәлелі.
23 Сәуір, 2023
Қоғамды тану сол ортада өмір сүріп жатқан адамдарды танудан басталады. Ал адамды танудың жолы – ол өмір сүрген отбасы, ошақ қасы оған қандай тәрбие берді, соған көңіл аударамыз. Яғни ізгі адам өнегелі, ізгі отбасының – жемісі.
20 Сәуір, 2023
Біреулер Отан үшін опат болса, енді біреулер – зұлымдықтың, біреулер айтпай келген апаттың құрбаны. Ал өз ақымақтығынан ажал құшқандарды көрген сайын ақымақтықтан өлгендерге берілетін «Дарвин сыйлығы» еске түседі. Әйтпесе, қаншама адам дәл осы сәттерде ауыр дерттен, шипасы табылмаған кеселдермен арпалысып, Құдайдан денсаулық, ғұмыр тілеп жатқан жоқ па?
18 Сәуір, 2023
Біз «Егемен Қазақстан» көшесінде тұрамыз. Үйіміз газет редакциясының іргесінде болған соң, келіп-кетер таксидің бәрі жұмыстың алдынан өтеді. Бұл таксишілер қауымы дегеніңіз әңгімешіл болады емес пе (әсіресе «саяси сауаты мықты»). Сегіз қабатты мекеменің сол баяғы «Егемен» екенін біліп, сонау алыс-алыс қыраттарда қалған бала шақта үстел үстінде жататын газетті еміс-еміс есіне түсіреді. Іле-шала «газет әлі шыға ма? Оны біреу оқи ма?» деп таңғалады. Тосын таңғалысына қоса миығындағы еріксіз күлкі де көрініп қалады. Енді бір кезде «сонда не жазасыңдар?» деп төбеден бір-ақ қояды. Сонда өзіңді ауадан көбелек аулап жүргендей біртүрлі сезінесің. Көз алдыңнан музейдегі қаңқасы қалған сүйкімді бір мамонт елестеп өтеді.
17 Сәуір, 2023