Пікірлер
Соңғы кезде БАҚ-та немесе блогерлердің жазбаларында «газлайтинг» және «абьюз» терминдері жиi пайдаланылады, бірақ оның мағынасын жазып отырғандардың өзі де толық түсіне бермейді.
07 Ақпан, 2022
Ғалымдардың болжауынша, жер шары 12 млрд адамды асырауға қауқарлы. Ал былтырғы статистика бойынша дүние жүзіндегі халық саны 8 млрд-қа жуықтады. Демек, енді аз жылда адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Онсыз да қазір жылына миллиондай адам аштықтан қайтыс болады екен.
06 Ақпан, 2022
Өмірде бәрі бірдей емес, әркелкі, бірі жақсы, бірі жаман, бірі артық, бірі кем болып жатады. Бұл әртүрлілік өмір деп аталады. Оған жеңіл-желпі қарауға болмайды.
03 Ақпан, 2022
Қазақ тілінің әдеби нормасында көп қолданылатын «қауым» деген сөз бар. Кейде «ұлт» ұғымын осы сөздің баламасы ретінде пайдаланып жүрміз. Бірақ біздің пайым бойынша, «қауым» ол «ұлттан» әлдеқайда аясы кең түсінік. Мысалы, мұсылман дінін алайық ол жеке ұлтқа түскен жоқ, қауымға түсті. Сондықтан да біз «мұсылман ұлты» деп емес, «мұсылман қауымы» деп айтамыз.
02 Ақпан, 2022
Ал оларды адастырғандар айылдарын жиды ма? Биылғы қаңтардағы қасіреттің зардаптары жұртқа мәлім болғанымен, оның түпкі себептері турасында қоғамда әрқилы пікір айтылып жатыр. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады», деген болатын.
01 Ақпан, 2022
Еліміздің берік іргесі, мемлекетіміздің мызғымас тағаны болып саналатын алып шекарамыздың шегенделуі, халықаралық деңгейде мойындалып, рәсімделуі – күмәнсіз, тәуелсіздік арқылы келген ең ірі жетістігіміз бен жеңісіміздің бірі.
31 Қаңтар, 2022
Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында әкімдердің жалақысы туралы жиі жазыла бастады. Қазірдің өзінде бірнеше әкімнің еңбекақысына қанша алатыны белгілі. Мәселен, бұған дейін Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Түркістан секілді бірнеше облыстың әкімдері жалақысының көлемі жарияланды.
27 Қаңтар, 2022
Әлеуметтік әділдік бірлікке бастайды
Жақында бір үлкен шығармашылық ұйымның беделді басшысымен пікір алысқанымызда, ол бүгінгі еліміздің басындағы сын кезең жайлы ойларын ортаға сала келіп: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әу бастан ұстанып келе жатқан әлеуметтік әділдік қағидаты халқымызды бірлікке бастайтынына сенемін. Оған өзім басқарып отырған ұжымның мысалында кәміл көз жеткіздім», деген еді.
26 Қаңтар, 2022
Қаралы қаңтарда қайран жұртымыз астан-кестең бола жаздады. Дүрбелеңде дүние төңкеріліп, қаншама азаматымыз құрбан болды, боздақтарымыз қыршын кетті.
25 Қаңтар, 2022
Таланттар Отанын тастап кеткенде...
Талантты адамдарсыз ел келешегін елестету мүмкін емес. Ақыл-ой игілігін бөтен елдің өркендеуі жолында жұмсағысы келетін дарынды ғалымдардың грант иеленіп, білім іздеп, жақсы өмір аңсайтын жастардың шетелге аттанып жатқанын қоғам жиі сынға алады. Ширек ғасырдан бері қиырға шеру жасайтындардың арасында шығармашылық өкілдерінің көп екенін білсек те, қалыпты заңдылыққа балап, үнсіздік танытып бейқам отырмыз.
25 Қаңтар, 2022
Хакім Абайдың 37-ші қарасөзінде: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбектік – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деп айтылған даналықты пікіріне қайраттанасың әрі азаптанасың.
24 Қаңтар, 2022
Біржақты байлам һәм батыл бағдар
Өткен аптада еліміз үшін елеулі екі оқиға болды, оның бірі Еуропарламенттің Қазақстандағы жағдайға қатысты қарары болса, екіншісі Президент Қ.Тоқаевтың ірі бизнес өкілдерімен кездесуі еді.
23 Қаңтар, 2022
КСРО дәуірі жақсы болса да, жаман болса да біздің кешегі тарихымыз. Оны көзі көрген Қазақстанның орта және аға буын тұрғындары осы күнге дейін арамызда жүр. Олай болса, мазмұндық яғни сана-cезім тұрғысында, кеңестік идеология мен оны «аңсау» ниетінен арылу және тәуелсіздікті шартсыз құндылық деп мойындау құбылысының қосарланып отыру мүмкіндігін де теріске шығару қиын.
20 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні «Қасіретті қаңтар» сабағы: Қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты жəне басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз» деді.
14 Қаңтар, 2022
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде елімізде болған оқиғалардың себебі тереңде жатса керек. Оны тәптіштеп тексеріп, сараптап, оған құқықтық баға берілетін күндер алда.
12 Қаңтар, 2022
Бұрынғы бабаларымыздан қалған «Бірлік болмаған жерде – тірлік болмайды» немесе «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейтін ескі сөз бар. Бұл атүсті айтыла салған дүние емес. Сонау шыңырау жылдарды артқа тастап, ғасырлар қойнауынан шыңдалып, уақыт бедерінен сұрыпталып, халқымыздың санасына терең сіңіп, бұлжымас ақиқатқа айналған ұғым. Өйткені береке мен бірлік бұзылса ұлыстың іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалады. Бұны бұрынғы қазақ атамыз жақсы білген. Сол себепті, қоғамның қабырғасы қақырамай, түтіні түзу ұшу үшін береке мен бірлік аса қажет екенін ежелден білген. Осы жолда басын бәйгеге тіккен.
12 Қаңтар, 2022
Түп тарихымызда түркі баласына тегін келген, арғы ата жолында алаш жұртына арзанға түскен ештеңе болған жоқ. Біз бәрінің өтеуіне қанымыз бен жанымызды берген халықпыз. Басымызды бәйгеге тігіп, байрағымызды алған жұртпыз. Егесіп жүріп, егемен болған елміз.
09 Қаңтар, 2022
Жалақысы мардымсыз полицей жұртқа жақын болып жарыта ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында құқық қорғау жүйесін толық реформалауды аса маңызды міндеттердің бірі ретінде алға қойып, соның ішінде полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналып, «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиістігін атап көрсетті. Президент тапсырмасына сәйкес бұл саланы реформалау қолға алынып, бірқатар оң өзгеріс жасалды.
23 Желтоқсан, 2021
Айдан айдың айырмасы жоқ, әлбетте. Әйтсе де, алты Алаш үшін ардақты, қазақ үшін қастерлі де қымбатты бір ай бар, ол – желтоқсан! Терең тарихымызды тұтас тергемей-ақ, тек соңғы тоқсан жылдың төңірегінде ой қорытсақ, желтоқсан ерліктің, еркіндіктің һәм елдіктің айы екеніне көз жеткіземіз!
20 Желтоқсан, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыс құрды.
08 Желтоқсан, 2021