2016 жылы мемлекеттер басшылары қол қойған «Азияның өркендеу дәуіріндегі кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» бірлескен мәлімдеме Нұр-Сұлтан мен Токионың екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге мүдделілігін көрсетті.
Сондықтан император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға арналған сапары барысында Елбасы Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесіп, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту жөніндегі қадамдарды талқылады.
Айта кету керек, 2018 жылы екіжақты тауар айналымын арттыру тұрғысынан Қазақстан мен Жапония үшін өте сәтті болды. Осы жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің өсуі 53,8%-ды құрады, бұл көрсеткіштің 2 млрд АҚШ долларына дейін өсуіне мүмкіндік берді. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында тараптар тұтастай алғанда сауда динамикасын сақтап қалды. Көрсетілген кезеңдегі сауда-саттық көлемі 1,13 млрд АҚШ долларын құрады.
Жапония Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бірі. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына бағытталған тікелей шетелдік инвестициялар ағынындағы жапониялық үлес 6 миллиард доллардан асты.
Қазақстан үшін бұл елмен әріптестікте технологиялық, оның ішінде жапон технологиялары мен ноу-хауды тиімді енгізу саласындағы серіктестік басым бағыты болып қала береді.
Толық ауқымдағы экономикалық ынтымақтастықтың жол картасын одан әрі дамытуға тараптардың тікелей екіжақты байланыстары және «Орталық Азия + Жапония» форматындағы көпжақты үнқатысу сөзсіз ықпал етеді.
Жалпы, Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуеті зор деп қорытынды жасауға болады.
Лидия ПАРХОМЧИК,
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы