Саясат • 25 Қазан, 2019

Елбасына деген зор құрмет

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның 126-шы императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақыруы мемлекеттеріміз арасындағы қатынастың жоғары деңгейін ғана емес, сонымен бірге Күншығыс елінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне деген құрметін көрсетеді.

Елбасына деген зор құрмет

Әлемнің 130 елінің басшылары қатысқан жаңа императордың таққа отыру рәсімінің жапон халқы үшін маңызы зор. Себебі жапондар «Рейва» жаңа дәуіріне аяқ басқалы отыр.

Жапондар үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі ұстанымы ерек­ше символдық мәнге ие екені жа­сырын емес. Жапония ядролық шабуылдың қасіретін бастан кешірген әлемдегі бірден-бір мемлекет ретінде Н.Назарбаевтың бейбіт бастамаларын, әсіресе жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын жоғары бағалайды.

Бүгін де біздің еліміз – ядролық қаруды таратпауға елеулі үлес қосқан жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы. Осы­ны ескере отырып, 2008 жы­лы бұрынғы император Акихи­то Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентіне Жапонияның ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Ұлы таспадағы Хризантема орденін» тапсырған еді.

Қазақстан мен Жапонияның антиядролық ұстанымы – екі ел­дің ха­лықаралық аренада тығыз ын­ты­мақ­тастығын қамтамасыз ете­тін маңызды идеологиялық элемент.

2015-2017 жылдары Қазақстан мен Жапония ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт­тың кү­шіне енуіне ықпал ету үшін 9-шы кон­ференцияның тең төрағасы болды.

Екі елді жақындастыратын тағы бір маңызды сала – Корея түбе­гіндегі денкулизация мәселе­сі. Қазақстанның мұндағы ядро­лық дағдарысты шешудегі бастамалары Токиода толық қолдау мен түсіністікке ие.

 

Ерлан МӘДИЕВ,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025