Қоғам • 29 Қазан, 2019

«Жолдың үстінде пара беруге болмайды»

619 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Жолдың үстінде пара беруге болмайды»

Осындай сөз жазылған үлкен, көшенің жартысын жауып тұр­ған билбордтар әр ауылда да көзіңе оттай басылады. Түпкі ма­ғы­насы: «Автоинспекторларға па­ра бермеңдер дегенді білдіреді-ау» – деп, түсінсем де, кейде, «автоинспекторларға сонда параны жолдан шығып беруге бола ма екен» деген ой көңіл түкпірімнен қылаң ете қалады. Еріксіз жымиямын. Бұл күлетін сөз емес. Парақорлықты қайтсек жоямыз деген әрекет. Ниет түзу. Бірақ елді анық пара бермеуге шақырған тіркес деп айтуға кел­мей­ді.

Менің қынжылатыным, сөз қоры жағынан көптеген халықты арт­қа тастай тұра халықты пара­қор­лыққа қарсы шығуға бір кісідей шақыратын, және соған көпшілікті жұмылдыратын одан ұтым­ды тіркес таба алма­ға­ны­мыз ба? Ішкі істер бөлімі қыз­меткерлері арасында сөздің пар­қы мен нарқын терең түсіне алатын адам жоқ дегенге тіпті де сенгім келмейді.

Ішкі істер қызметкерлері де­ген бүтін бір армия десек те болады. Олардың арасында таң­дай­лары тақылдаған талай шешендер мен тауып сөйлейтін, бір ауыз сөзімен санаңа көп нәрсені құйып тастайтын саңлақ қызметкерлер бар екендігі сөзсіз.

Бұл жерде үгіт-насихат жұ­мыс­тарына жауап беретін кейбір ішкі істер қызметкерлерінің осын­дай билборд ілдірерде оның мағынасына жан жақты қарамай, тапсырманы асығыс іс жүзіне асыратын тәрізді.

Үгіт-насихат жұмыстары өте жа­уап­кершілікті қажет етеді. Адам­дарға рухани қуат беруде, оларды алғы мақсаттарға жігер­лен­діруде таптырмайтын құрал. Тіпті сананы мүлде өзгертпесе де күрделі әсер ететінін философтар мен саясаткерлер жақсы біледі. Осы мәселеге құқық қорғау органдары да баса мән берсе екен.

 

Марат ҚАШҚЫНБАЕВ,

журналист

 

Алматы облысы, 

Балқаш ауданы,

Бақанас ауылы

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025