Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Бабалар мұрасы – бағалы сыйлық

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласында тарихи мұраларымызды кеңі­нен насихаттау мәселесіне ерекше мән бергені белгілі.

Бабалар мұрасы – бағалы сыйлық

Әсіресе ұлттың терең тарихынан бас­тау алатын мәдени-рухани құн­ды­лықтарды сақтай отырып, оны өске­лең ұрпаққа жет­­кізуге айрықша ден қойылған. Осы мақ­­сатта жыл сайын Бай­зақ аудандық та­рихи-өлкетану му­зейінде «Музейге сый» ак­циясы ұйым­дастырылады. Аталған ак­ция биыл да жалғасын табуда әрі оған үн қосушылар да баршылық.

Жуырда мұражай қоры тағы да бір­неше жәдігермен толықты. Атап айтар болсақ, Көп­терек ауылдық округіне қарасты Кеңес ауы­лының тұрғыны Аят Әбілдаев музейге өз қо­лымен жасаған ат әбзелі – ер тоқым мен алты өрімді қамшыны сыйға тартты.

Бірнеше жылдан бері көпшіліктің тапсырысымен ер тоқым, жүген, ауыз­дық, шыл­быр, қамшы тағы басқа жабдықтарды жасап, халқымыздың қазыналы өнерін дамытып отырған қолөнерші бұл бұйым­дарын мұражайға сыйлауды жөн көріпті.

– «Әу бастан-ақ ата-баба тұрмысы жылқы малымен тікелей байланыс­ты болғандықтан, оның бұйым-жаб­дық­тарын жасап, пайдалану да өзіндік өнер саналады. Бұл істі жаныма серік еткеніме бірнеше жыл болды. Мұндай тұрмыстық бұйымдар кейінгі ұрпақ үшін аса бағалы мұра болады деп есеп­теймін. «Музейге сый» акциясы жөнінде басылым бетінен хабардар болып, мен де өз үлесімді қосуым керек деп шештім. Бұл әрбіріміздің азаматтық парызымыз, – дейді Аят Ақжолтайұлы.

Ал біз өз кезегінде шеберге үлкен алғы­сымызды білдіре келе, оның қолы­нан шыққан ер тоқым мен қамшыны музейдің этнография залына орналас­тырып, халқымыздың ат әбзелдерін ұстап-тұтынудағы мақсат-мүдделерін музей келушілеріне түсіндірудеміз.

 

Айдана ШОТБАСОВА,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы