Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Қазақстанда қазіргі уақытта 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы жұмыс істеп тұр

699 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда қазіргі уақытта 1071-ден 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы ғана жұмыс істеп тұр. Яғни, жеңіл өнеркәсіптің типтік кәсіпорны - бұл тігін немесе аяқ киім фабрикасы емес, ателье және артель. Кейбір салаларда 1 ғана ірі немесе орта кәсіпорын бар. Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жағдайы және өнімділігі жоғары бизнесті дамыту перспективалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда айтты.

Қазақстанда қазіргі уақытта 40 ірі және орта жеңіл өнеркәсіп саласы жұмыс істеп тұр

«Біз жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттағаннан гөрі, 17 есе көп импорттаймыз. Қазіргі кезде Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отыр, солардың есебінен кәсіпорындар жұмысын жалғастыруда. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, ассортиментті кеңейтуге мүмкіндік бермейді», дейді Сенат Төрағасы.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады. Тапсырыс беруші төмен бағаға қызығып, сапасыз импорттық тауар алады. Нәтижесінде бюджет қаражаты елден шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытуға демеуші болады.

«Мен бәсекеге түсудің қажеті жоқ, одан да күш-жігерімізді болашағы бар салаларға жұмсау керек деген пікірді талай естідім. Шын мәнісінде осылай ма? Осылайша бірден ұлттық жеңіл өнеркәсіптен бас тартып, импортқа, яғни шетелдік өндірушілердің еркіне жығыла салған орынды ма? Дұрыс емес екеніне сенімдімін. Неге, себебі: Мен бәсеке тым күшті, жарысқа түсудің еш мағынасы жоқ, ал күш-жігерімізді анағұрлым болашағы бар салаларға жұмсау керек деген пікірді талай естідім», дейді Н. Назарбаева.

Осылай деген Сенат Төрағасы жеңіл өнеркәсіп дамуындағы бірнеше қадамдарды атап өтті.

«Біріншіден. Бәсеке барлық нарық пен салаларда артып келеді. Сондықтан қол қусырып, іс-қимылсыз отыруға болмайды. Аз болса да, қолда бар артықшылықтарды пайдалануымыз керек. Көрші Қырғызстан мен Өзбекстанға қараңыздаршы, өз өнімдерімізге қарағанда, бұл елдердің тауарлары біздің Қазақстанда бірнеше есе көп сатылады.

Екіншіден. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің өсу әлеуеті жоғары, ол тұтыну тауарларының нарығынан тұратын жеңіл өнеркәсіп өнімдері ішкі нарығының сыйымдылығымен айқындалады. ... Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын өнімдердің үлкен нарығы бар.

Үшіншіден. Соңғы жылдары көп айтылып жүрген диверсификация сөзсіз шындыққа айналып келеді. Қазақстан үшін өңдеу салаларын дамыту – баламасыз құрал. Бұл жеңіл өнеркәсіпке де қатысты. Салаға қазір белсенді күш салмасақ, кейін қуып жету қиынға соғады.

Төртіншіден. Жеңіл өнеркәсіп көп еңбекті қажет ететін сала. Оның дамуын осы секторда ғана емес, онымен байланысты басқа салаларда жұмыспен қамтуды арттырудың мүмкіндігі ретінде қарау қажет. Әсіресе, бұл әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуға қатысты.

Бесіншіден. Қазақстанда отандық шикізат базасын аграрлық кешенге, әсіресе мал шаруашылығына сүйене отырып, ілгері дамыту үшін жағдай бар. Тек жайылымдардың көлемі бойынша біз әлемде 5 орындамыз. Бүгінгі күні жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көпшілігі үлкен тапсырыстарды орындауға дайын емес, тауарлардың көп түрлерін шығара алмайды, маусым сайын өнім түрлерінің қатарын жылына бірнеше рет өзгертуге қауқарсыз», деді Д. Назарбаева.