Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға не кедергі?

549 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламенттік тыңдаудың алдындағы жағдайды талдау жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы бірқатар кедергілерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жағдайы және өнімділігі жоғары бизнесті дамыту перспективалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда айтты.

Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға не кедергі?

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева атап өткен жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы бірқатар кедергілер: 

  1. Бұл ең алдымен өндірістің қымбаттығы. Біздің отандық кәсіпорындар заманауи жабдықтар мен арзан жұмыс күшін қолданып отырған азиялық өндірушілермен бәсекелес болуға мәжбүр. Сондықтан олармен салыстырғанда өнім қажет мөлшерден әлдеқайда аз.
  2. Қажетті жабдықтардың жоқтығы. Кеңестік жабдықтардан басқасының бәрі импорттық, көпшілігі тозығы жеткен жабдықтар. Отандық кәсіпорындардағы жабдықтарды жаңарту коэффиценті жылына 3-4 пайызды құрайды. Жабдықтарды жаңалау кредитке немесе кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, шетелдік фирмаларда бұл көрсеткіш 15-17 пайызды құрайды және көбінесе мемлекет тарапынан инвестициялық қолдауға байланысты.
  3. Шикізат тапшылығы. Елімізде синтетикалық материалдар өндірілмейді, дегенмен табиғи отандық шикізаттың тапшылығы аса сезіліп отыр. Қазақстандық өнімдегі шикізаттың өзіндік құны 60 пайызды құрайды.
  4. Мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің төмендігі. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары айналымға қаражат жетпегендіктен және өндірісті жаңғырту мен қайта құрылымдауға арналған инвестиция деңгейінің төмендігінен зардап шегіп отыр. Кәсіпорындар көбінесе банктерден кредит ала алмайды. Екінші деңгейдегі банктер бизнестен түскен өтінімдерді қараған кезде кепіл мүлкін өте төмен мөлшерлеме бойынша бағалайды, келешектегі келісімшарттарды кепіл мүлкі ретінде қарастырмайды. Кредит алғаннан кейін кәсіпорындар ғимаратты салып бітірмей, жабдықтарды алып келмей тұрып төлем төлеуді бастауға мәжбүр.
  5. Жеңіл өнеркәсіп үшін сенімді келешектің жоқтығы. Өткен жылы жеңіл өнеркәсіптің өнеркәсіптік өндірістегі үлесі небәрі нөл бүтін оннан төрт пайызды (0,4%) құрады. Егер ертең жеңіл өнеркәсіп жойылып кетсе, қарапайым тұтынушылар мұны байқамауы да мүмкін.
  6. Кәсіпкерлердің барлық күш-жігерін жоққа шығаратын көлеңкелі импорттың болуы. Салық пен баж төлемдерінің жоқтығына байланысты, сапасының төмендігі есебінен контрафакт арзан.