Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Қазақ тіліне дубляждалған «Алға» фильмі көрерменге жол тартты

474 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордада ана тілімізге дубляждалған «Алға» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Disney/Pixar студиясының мультипликациялық фильмі, осымен «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждаған 34-ші туынды болып отыр.

Қазақ тіліне дубляждалған «Алға» фильмі көрерменге жол тартты

Алдын-ала көрсетілім барысында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары және «Болашақ» қоры Қамқорлық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек ел тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі болған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» стипендиясын тағайындағанын атап өтті. Бүгінгі таңда бірегей бағдарламаның мыңдаған түлектері Отанына қайтып оралып, ел экономикасының түрлі салаларында жұмыс істеуде. 2011 жылы болашақтықтар қазақ тілді балаларға арналған сапалы және бәсекеге қабілетті контент құруға бағытталған «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасына бастамашы болды. Бастамаға «Nur Otan» партиясы қолдау көрсетті.

«Жаһандану кезеңінде өз тарихына терең тамыр жіберген, ұлттық мәдениеті мен ана тілін ардақтай білген халықтың ғана әрдайым айы оңынан тумақ. Сондықтан да «Nur Otan» еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің төлтума қасиеттерінің сақталуын қуаттай отырып, қазақ тілін, мәдениеті мен дәстүрін дамытуды өз стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде белгілеген. Бұдан тоғыз жыл бұрын Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасының арқасында осы кезге дейін әлемдегі ең үздік 34 көркем және анимациялық балалар фильмі қазақ тілінде дубляждалды. Осы бастамаға қызу қолдау білдіріп, қазақ тілінің болашағына бейжай қарамайтын барша демеушілер мен меценаттарға ерекше алғыс білдіремін», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Тұңғыш рет қазақ дубляжының тарихында фильмдегі мәтіндік жазулар бір ізге түсіріліп, ыңғайға келтірілді. «Алға» фильмі «BI Group» құрылыс холдингінің қолдауымен дубляждалған - тоғызыншы туынды.

«Туындыны жасау барысында біз шығармашылық адамдарымен көп жұмыс жасадық. Бұл дубляж тарихындағы жаңа кезең болды. Мен бұл сәтті ұзақ күттім. Тіпті, осы жазбаларға кастинг те жарияланды. Біз ең үздігін таңдап алуы үшін Disney/Pixar студиясына қазақ тіліндегі бірнеше үлгі жібердік. Фильмді дубляждау үшін үлкен еңбек жасалғанын көрермендер түсінсе деймін», - деді дубляждың режиссері Шах-Мурат Ордабаев.

Жалпы алғанда 9 жыл ішінде «Мұзды өлке-2», «Көліктер 2», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин» және тағы да басқа туындылар дубляждалды. Дубляж саласындағы 200-ден астам, ішінде режиссерлар, музыкалық жетекшілер, дыбыс режиссерлары, аудармашылар мен актерлар да бар отандық мамандар Disney студиясының халықаралық стандарттарына сәйкес білімдерін жетілдірді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025