Қазақстан • 05 Наурыз, 2020

Биыл жеңілдетілген автонесие үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді

286 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл екінші тоқсанда жеңілдетілген пайызбен автонесие беру үшін қосымша қаржы бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері хабарлады.


Биыл жеңілдетілген автонесие үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді

Жеңілдетілген несие Қазақстанда жасалған көліктерге ғана беріледі. Былтыр осы бағдарлама бойынша 17 мыңнан астам отандасымыз жаңа көлік алды. Ал биыл сатылым көлемі көбейеді деген болжам бар. Жеңілдетілген автонесие үшін қосымша 20 млрд теңге бөлінеді Биыл жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді. Оны еліміздегі екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады. Несиелеу шарттары өзгермеген. Яғни қарыздың жылдық үстемесі – 4 процент. 7 жылға беріледі. Көлік құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс. Автонесие бағдарламасына Қазақстанда құрастырылған 30 түрлі көлік маркасы кіреді. Олардың арасында жеңіл автокөліктер, кроссоверлер және жол таңдамайтын темір тұлпарлар да бар. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, бағдарлама кез келген адамға қолжетімді. Бірақ несиелеуге бөлінген қаржы өтініш бергендердің барлығын қамтуға жетіпейді. Өйткені бір айда жеңілдетілген несиемен тек 100 көлік сатылуы тиіс болса, сатып алуға ниеттілер саны 3 мыңнан асады. Сондықтан бір жылға бөлінген қаржы бірнеше айдың ішінде толық жаратылып кетеді. Сондай-ақ көлік тасымалдаушылар үшін жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша 15 миллиард теңге қосымша транш бөлінеді деген жоспар бар. Еске сала кетейік, аталған бағдарлама елімізде 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 15 мыңға жуық жеңіл автокөлік жеңілдетілген несиемен сатылды.

Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске $12 млрд бөлді

Дүниежүзілік банк коронавируспен күресті күшейту үшін 12 миллиард АҚШ долларын бөледі. Қаржы экономикалық жағдайы төмен дамушы мемлекеттердің денсаулық сақтау саласын күшейтуге жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті биліктің жеке кәсіпкерлермен қарым-қатынасын нығайтып, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталады. Бұған дейін бірнеше елдің үкіметі мен орталық банкі коронавирусқа байланысты шығындардың артқанын, бұл әлем нарығындағы тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген. Дүниежүзлік банк президенті Дэвид Малпасстың айтуынша, қаржыны үлестірудің жолдарын қарастырған. Қажеттілік туындаса, банк бөлінген соманы көбейтуі де мүмкін. ОПЕК мұнай өндірісін қысқартуы мүмкін Венада ОПЕК ұйымына мүше мемлекеттердің министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Үш күнге жоспарланған жиында қара алтынның құнын көтеруге бағытталған іс-шаралар жоспары талқыланады. Әрине ол үшін мұнай өндірісін азайтуға қатысты жаңа шешімдер қабылдануы мүмкін. Жиынның түйіні 6 наурызда нақты жарияланбақ.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты кездесу күшйтілген қауіпсіздік жағдайында өтіп жатыр. Сондықтан Венаға баратын делегаттар саны да барынша ықшамдалған. Ал тілшілерге ОПЕК-тің штап пәтеріне кіруге тыйым салынған. Былтыр Қазақстан 200 мың тонна тұз экспорттады Биыл қаңтарда елімізде 25 мың тоннадан астам ас тұзы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 процентке көп. Өнімнің 88 жарым проценті немесе 22,6 мың тоннасы Қызылорда облысында өндірілген. 8 проценттейі Атыраудан алынды. Ал былтыр қаңтар мен желтоқсан аралығында тұз өндірісі 1 миллион тоннаға жетті. Осылайша ішкі нарық толықтай отандық өніммен қамтылды. Ал шет елдерге 200 мың тонна ас содасы экспорттады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16 процентке көп.

Бүгінде Қазақстан бойынша бір келі тұздың орташа құны – 52 теңге. Бөлшек саудада ең жоғарғы баға Алматыда тіркелді. Оңтүстік астаналықтар оның келісін 59 теңгеден алады. Ал тұз ең арзан өңір – Ақтөбе. Мұнда келісі 32 теңгеден саудаланған.