Пікірлер
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Корей елінің экономикасы адам көргісіз құлдырады. Тіпті әлемдегі ең кедей мемлекеттердің қатарына қосылды. 1962 жылғы даму көрсеткіші бойынша Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде соңынан санағанда Үндістаннан кейін екінші орында тұрды.
01 Шілде, 2019
Ой үстінде жүретін бір қауым бар...
Кәсіпқой бокстың «жұлдызы» америкалық Чарльз Сонни Листонның журналистер туралы ертеректе тұжырымдаған бір қызық сөзі бар.
28 Маусым, 2019
Бірлігіміздің ұйытқысы – имандылық
Небір зұлматтарға душар болып, жойылып кету қаупімен талай мәрте бетпе-бет келген ұлтымыздың елдігін сақтап, туын жықпай, аман-есен келе жатқанының басты сыры халқымыздың Ислам дінінің нағыз өзегі – қайырымдылық қағидаттары мен адамгершілік қасиеттерді басты ұстаным етуінде деп сеніммен айтуға болады.
27 Маусым, 2019
«Дүние – жалған», «өмір – өткінші» деп жатады атам қазақ. «Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, арт жағы мұңға жуық», дейді данышпан Абай атамыз. «Дүние қарап тұрсам, шолақ екен, Жас күнде ақыл-қайрат мол-ақ екен. Отыз бес, жиырма бес пен қайран он бес, Үшеуі үш күн қонған қонақ екен» дейді халық өлеңінде.
26 Маусым, 2019
Халқымыздың басына тағы бір сынақ түсті. Ауыр сынақ. Арыстағы оқ-дәрілер сақталатын қоймада жарылыс болып, ол өртке ұласты. Отқа қызған оқ-дәрілердің тарс-тұрс етіп атылып жатқанын да әлеуметтік желілерге салынған түсірілімдерден бәріміз білдік. Қауіпті жерден қашқан халықты да көрдік.
25 Маусым, 2019
Кінә көрерменде емес, көзқараста...
Өткенде Алматыда опера мен балеттің дүбірлеген фестивалі болып өтті. «Аққу көліне» билет таппай сеңдей соғылысып жүрген жұртты көріп, көзіміз жасаурады дегеніміз өтірік болар. Бірақ Қазақстанның классикалық өнеріне ренессанс дәуірі келіп орнағандай, риза кейіппен көпшіліктен көзімізді айырмай, сырттай сүйсініп қарап тұрғанымыз есімізде.
24 Маусым, 2019
Біреулер Гогольге, енді біреулер Салтыков-Щедринге теліп жүрген: «Ресейдің екі қайғысы бар: Ақымақтар мен жолдар» деген ел аузында жүрген сөзі есіме түсіп отыр. Шындығында, көктем мен күзде ми батпағы езіліп, жазда шұрқ-тесік болып жататын жолдар біздің халықтың да бас ауруларының бірі деуге болады.
21 Маусым, 2019
Жақында ғана HBO телеарнасында «Чернобыль» деп аталатын мини сериал аяқталғаны бар. Осыдан 33 жыл бұрын әлем жұртын алаңдатқан ядролық апат жайлы туынды еді. Рас, көрмегендер үшін сериалдың мазмұнын айтқанымыз спойлер болатын шығар, бірақ сол туындыда екі кейіпкердің өзара диалогы бар. Екеуі де өмірде болған тұлғалар. Біреуі КСРО Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Борис Щербина болса, екіншісі академик Валерий Легасов еді. Сериалда осы екі тұлғаның сот үзілісі кезіндегі бір-екі ауыз сұхбаты беріледі. Сол диалогта академик В.Легасов апат салдарын жоюға қатысатын өзге де ғалымдар табылатынын, бірақ бұл жұмысты ұйымдастыруда Б.Щербинаның беделі мен рөлі зор болғанын айтатыны бар. Сөз соңында «менің үнімді естіді, бірақ сені тыңдады» дейді. Түсіне білгенге адам үнін есту мен сол үн арқылы жеткен тілекке, кеңеске құлақ түру, тыңдау әрі оны жүзеге асыру екі бөлек дүние.
19 Маусым, 2019
Әйел құқығын саясиландыру салдары
Бүкіл жаратылысқа қарсы шығып, адамзаттық құндылықтарды материалдық құндылықтарға жығып берген кезде, тәңірдің таңдауы ғана емес, табиғаттың да тепе-теңдігі теңселеді.
19 Маусым, 2019
Бір үзім нан үзіліп бара жатқан өмір отын өшірмей, сақтап қалады. Бір үзім нан үшін пенде қиянатқа да баруы мүмкін. Бір үзім нан үшін бір кездері адамдар жан алып, жан беріп, сергелдеңге түскен.
18 Маусым, 2019
Бүлік немесе ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы адам баласы барда қандай да бір бүліктің болмай қалуы мүмкін емес. Бүліктің пайда болатыны жайлы пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін бүліктен сақтану, оған әзір болу пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждағат керек.
14 Маусым, 2019
Қоғамда бүлік шығарып, іріткі салу, халықты арандату өте ауыр күнә екені, оның бұзақылық болып саналатыны белгілі. Бұл жөнінде Ислам діні жайындағы кітаптар мен діни уағыздарда аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті осы тұрғыда Алла тағаладан түскен қасиетті Құран Кәрімде: «Бұзақылық кісі өлтіруден қиын» (Бақара сүресінің 191-аяты) деп нақты жазылған.
13 Маусым, 2019
Қазақтың болмысын, жақсылығы мен кемшілігін жақсы білген, соған жаны күйзелген адамдардың бірі Герағаң, марқұм Герольд Бельгер сияқты. Сол «Бір білсе Бельгер біледі» деген қанатты сөздің кейіпкері «Қазақ дәптері» деген кітабында былай дейді: «Қазақтың сөз түрлері көп. Ол жағынан ешбір ел, ешбір ұлт таласа алмайды».
12 Маусым, 2019
Жуырда еліміздің гинеколог-репродуктолог мамандары жасанды жолмен ұрықтандыруға жүгінетін жұптар саны артуда деген ақпарат таратты. Орта есеппен Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 мың ерлі-зайыпты баласыз болып келеді.
11 Маусым, 2019
Қазір жер бетінде әрбір тіл өзінің билігін арттырып, ықпал аумағын кеңейту үшін қиян-кескі соғыс жүргізіп жатыр. Бұл соғыста жеңген тіл – қуаттанып, әскері көбейеді, иелік аумағы ұлғаяды, көкжиегі кеңейеді. Жеңілген тіл күндердің күнінде жерленеді.
10 Маусым, 2019
Абай баласы Әбдірахманды тоғыз жасынан бастап Семейге орыс мектебіне оқуға бергені белгілі. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келгенінде дана әке ұлының оқуды жақсы оқығанын, ойы толыса бастағанын байқайды.
07 Маусым, 2019
Ұлтты сақтайтын – ұлы қасиеттері. Ұлы қасиетінен жаңылып жаза басқан ұлт ұтылады. Ұтылу өз алдына жұтылып, ұрпақ алдында ұятқа қалады. Салғырттығынан сабақ алып, ес жиған жұрттар бар. Кер заманда өз ұлтына шекесінен қарап, шіреніп күн кешкендер, кейінгі буынның алдында жасып, жасқанып шерменде болары сөзсіз.
06 Маусым, 2019
Бабалардың һәм балалардың арманы не?
«...Арманымның бәрін жазар болсам, дәптерге сыймас еді!.. Оған ешкім сене де қоймас. Сенсе, тек Рахманов ағай ғана сенер...» Бұл «Менің атым Қожадағы» бас кейіпкердің монологы екенін бірден таныған боларсыз. Қожа ұстазы Рахманов ағайдың сабағында «Менің арманым» деген тақырыпта шығарма жазып отырып, арман-қиялына ерік беріп, қоңырау соғылғанын байқамай қалушы еді ғой.
05 Маусым, 2019
«Ремейк» дегеніміз – әлемдік мәдениетте кеңінен қолданысқа ене бастаған тың термин. Кез келген шығарманы бастапқы күйінде айна-қатесіз қайталап орындау емес, оны жаңаша түрлентіп, жаңғыртып, заманауи нұсқада ұсыну деген мағынаны білдіреді.
04 Маусым, 2019
Халық арасына тараған кейбір әңгімелерге қарағанда еліміздің бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің «қонаққа барған жерден сарқыт алмаңыздар, жұқпалы аурулар тарауы мүмкін» деген ескертуі біздің біраз ағайынға ұнамай қалғанға ұқсайды. Егер ХХІ ғасырда полиэтилен қалтаға салып бір үйден екінші үйге ет, конфет-печенье тасып жүремін дейтіндер болса өз еріктері, оларға қой дейін деп жатқан біз жоқ, қой дегенімізбен сөз тыңдайтын тағы олар жоқ. Сондықтан біздің айтпағымыз басқа.
03 Маусым, 2019