Пікірлер
Биыл елімізді үлкен саяси сынақ күтіп тұр. Бұл – ауыл әкімдерін сайлау. Бұған басымдық беруіміздің, саяси сынақ ретінде ерекше атап көрсетуіміздің бірнеше себебі бар.
15 Шілде, 2021
Осыдан жиырма жыл бұрын елордаға көшіп келгенімізде бір шаруаның ретімен қала іргесіндегі Қосшы ауылына барғаным есімде. Сол кезде ол бір кеңшардың орталығындай ғана шағын ауыл екен. Ауылдың орталық бөлігінде Хрущев, Брежневтер заманындағы бес қабатты төрт-бес үй тұрды. Қалғанының бәрі жатаған үйлер еді. Уикипедия деректеріне қарағанда, 1999 жылы мұнда 1742 адам болса, 2009 жылы тұрғындар саны 4527 адамға жеткен. Ал қазір кент туризмді дамытуға лайық көз тартарлық шағын қалаға айналып үлгерген.
14 Шілде, 2021
Әл-Фарабидің айтуынша адам баласы жаратылысынан қабілетті болады, соның арқасында оның әрекеттері, жан аффектілері және ақыл-парасаты тиісінше жақсы болады немесе жақсы болмай шығады. Осыдан келіп адам не тамаша немесе оңбаған әрекеттерге барады. Мұны тудыратын күйді ғұлама мінез-құлық деп атайды. Мінез-құлықтың дұрыс немесе бұрыс қалыптасуы әдеттерге байланысты, қайталанған әдеттер мінезге айналады.
13 Шілде, 2021
Ертеректе әжептәуір аты шыққан театр режиссері бір өңірде жаңадан ашылған облыстық қазақ драма театрының директорлығына тағайындалды. Ол әу басында жас әртістер ұжымын алға жетелеп, біршама шығармашылық жетістікке қол жеткізгенімен, көп ұзамай жаманаты естіле бастады.
12 Шілде, 2021
Қазақ журналистерінің телеграм чатында бір әріптесіміз: «Қала күніне орай мерекелік эфирге Саммит, Азиада, Бәйтерек есімді балаларды шақырамыз» деп хабарлама беріпті. Мұндай есімдер шынымен де бар ма деп ойлап қалдық басында. Іле интернетті ақтарып, статистиканы қарасақ, расымен Қазақстанда Саммит деген есімі бар 22 ер бала, Саммита атты үш қыз және 15 Саммитхан бар екен.
08 Шілде, 2021
Білекке емес, білікке салу өнері
Әлбетте, мәмілегерлік – жұмылған жұдырықты ашатын, ашылған алақанды қауыштыратын, жатты таныстыратын, жақынды табыстыратын ізгі мамандық.
01 Шілде, 2021
Дания футболына қарап қызығасың...
Дәл қазір Еуропаның бірнеше қаласында қарт құрлықтың дүбірлі додасы өтіп жатыр. Бес жыл асыға күткен айтулы бәсекенің нағыз қызған шағы енді келді. Командалар ширек финал жолдамалары үшін жан алысып-жан берісіп, жанкүйерлерге нағыз футбол сыйлап жатыр десек, артық айтқандық емес. Қазірдің өзінде келесі кезеңге өткен бірнеше команда белгілі. Соның ішінде Данияға ерекше тоқталған жөн.
30 Маусым, 2021
Адамзат танымында қызғану немесе қызғаныш деген бар. Қызғаныш ол – үлкен абырой. Бұл жерде, басын ашып айтқан жөн сияқты: абыройлы қызғаныш пен күнделікті адамдар арасында болып жататын пендауи қызғаныш екеуі екі басқа.
29 Маусым, 2021
Құбылған заманда құбыладан жаңылмау
Сөзді өнер алдына балап, дертке теңеген дана халқымыз ежелден лепестің кепиеті мен киесіне сенген. Ақындардың сөзі қара дауыл жел болған, абыздардың сөзі еліне ем болған.
27 Маусым, 2021
Қасым атам әркез ұтырлы айтар сөзі бар және онысы ел аузында жүретін абыройлы адам еді. Атам отының алды, суының тұнығы, баласының үлкені қызын ұзатады. Ол уақыт тұрмысқа шыққан қыздың артынан ай өтпей жетіп баратын кез емес. Жылдан асып, пәленбай шақырымды артқа тастап, құдасының үйіне тоқтап, олар Қасекең, құда келді деп құрақ ұшып дастарқан жайып күтеді. Шай үстінде бар зейіні үлкендерге ауып, соларға қызмет етіп отырған қызы қайынсіңлісінің босаған кесесін аңдамай қалыпты. «Жеңеше, шай» деп көзімен жеп жібергенін көрген атам үйіне келген соң жұбайына «Көрдім баламды. Қайтейін, дүние кезек деген, құдашаның көзін көрдім, оған да біреу қарар» депті.
25 Маусым, 2021
Өңір әкімдерінің өз «командасын» құратыны белгілі. Бұл туралы талай сын айтылғанымен, одан өзгерген жағдай шамалы. Бір жағынан, оның өз қисыны да бар. Мәселен, облыс әкімінің саяси қызметшілер болып саналатын орынбасарларын ауыстыруымен келісуге болады. Тек өзге басшы кадрларды оңды-солды сапырылыстырып жібермесе, құба-құп.
24 Маусым, 2021
Қазақ қоғамында әкенің орнын «асқар тауға» балап жатамыз. Расында солай. Тіпті көнеден келе жатқан «әке көрген – оқ жонар» дейтін тәмсіліміз де бар. Осы тәмсіл-ұғымды тарқатар болсақ, оның тәрбиелік мазмұны тым тереңде. Айталық, ежелгі дәуірде «оқ жону» екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Өйткені қисық оқ жауға дарымайды. Яғни «Тобыршықты биік жай салып, Дұшпан аттым өкінбен» деп, атақты Доспанбет жырау айтқандай, жонған оғың түзу болмаса дұшпаныңды жайрата алмайсың. Сол себепті, бағзы заманда әке ең әуелі баласына оқ жонуды үйрететін болған.
22 Маусым, 2021
Өзімізді өзіміз тонап жүрміз...
Кейде қырық жыл бұрынғы естіген бірауыз сөз немесе бір ғана оқиға есімізден шықпай, етегімізге жармасады да жүреді. Себебі бізді ойға батырып, қыр соңыңнан қалмайтын сәттерді жаңғыртып тұратын жайттар бар. Бұл оқиғалар біздің тікелей тіршілігімізге қатысты екені даусыз.
21 Маусым, 2021
Кітапсыз өмірімді елестете алмайтындығымнан болар, адам баласы не үшін кітап оқиды деген сұрақтың жауабын осы күнге дейін іздеп көрмеппін.
18 Маусым, 2021
Бір кезде ауылдағы той-томалақтарда қолдарына шәугіммен су құйған балаларға үлкендер: «Мұғалім бол!», деп, бата беретін. Ал елдегі тұрмыс түзеліп, жұрттың ниеті өзгеріп, материалдық байлық рухани құндылықтарды ығыстыра бастаған өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында «Судья бол!» деген жаңа бата шықты. Сондағы пейіл – ақ дегені – алғыс, қара дегені қарғыс болып, жұртқа шекесінен қарап, шіреніп, шалқып-тасып жүрген судьялар секілді зор бол деген пендешілік пиғыл еді.
17 Маусым, 2021
Қазіргі қоғамның аса қауіпті құбылысы – асыл жастығын тәрк етіп, ана дүниеге асығатындардың қатары азаймай тұрғаны. Екі күннің бірінде жанын қиып, жантәсілім еткен жағдайды ести-ести етіміз де үйреніп барады. Жақында ғана жария болған жыл басынан бері 84 жасөспірімнің өзіне өзі қол жұмсағаны туралы хабар жанымызды түршіктірді. Айдың-күннің аманында осыншама жас өмірдің қиылуы – үлкен қасірет.
15 Маусым, 2021
Несін айтайық, осы күні интернеттің беті «иманды болсын» деген сөзге иін тіресіп тұр. Бетін әрі қылсын, бүгінгі мынау дауасыз дерт, аты жаман ажал талай жақсымыз бен жақынымызды жалмап кетіп жатқан аласапыран уақытта сол сөзді естігіміз, көргіміз келмей-ақ тұрады. Бірақ суық сөз сумаң етіп жылдам тарай жөнеледі емес пе? Жаныңды ызғар қарып өткендей, арқаңды қайғының қара қамшысы осып түсіргендей жайсыз хабарды оқып есеңгіреп қаласың...
11 Маусым, 2021
Осыдан тура екі жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беріп, Мемлекет басшысы қызметіне кіріскені белгілі.
11 Маусым, 2021
Қазақтың көбі қарызға белшесінен батқандай көрінеді кейде. Банкке де қарызбыз, бір-бірімізге де қарызбыз, қыл аяғы, ораза ұстап, Құдайдың алдында да қарыз болатынымыз бар.
09 Маусым, 2021
Қазіргі таңда елімізде сотталған екі мыңға жуық педофил темір тордың арғы жағында отыр. Олардың 32-сі биыл өз жазаларының мерзімін толық өтеп, бостандыққа шығуы тиіс. Осыған орай құқық қорғаушылар мен психологтер орынды алаңдаушылық білдіру үстінде. Себебі педофилдердің бұл тобы – осы айуандық қылмысқа қарсы заңнама қатаңдатылғанға дейін сотталып, әлдеқайда жеңіл жазаға тартылғандар екен.
08 Маусым, 2021